Еуроодақ ҚР Президентінің референдумды өткізбеу туралы шешімін қолдайды - К.Эштон

ССЕЛЬ. 2 ақпан. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Еуроодақ Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың президент өкілеттігі мерзімін ұзарту жөніндегі референдумды өткізбеу туралы шешімін қолдайды.

Еуроодақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Кэтрин Эштон мәлімдемесінде осылай атап көрсетілген.

«Мен ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Конституциялық кеңес бұл түзетулерді Конституцияға сәйкес емес деп танығаннан кейін, президент өкілеттігін жалпыхалықтық референдум өткізу арқылы 2020 жылға дейін ұзарту жөніндегі бастамаға нүкте қойғанын қолдаймын. Қазіргі Конституцияда көрсетілген құқықтарды басшылыққа ала отырып, Президент Н.Назарбаев Қазақстанның ұзақ мерзімді мүдделеріне қызмет ететін қадам жасады. Мерзімінен бұрын жарияланған президенттік сайлау еркін әрі әділетті өтеді деп үміттенемін, сонымен қатар бұл сайлау жалпыға ортақ демократиялық стандарттарға Қазақстан бұдан былай да сәйкес келетіндігін дәлелдеудің негізі болуы тиіс», - делінген К.Эштонның жарияланған мәлімдемесінде.