Еуропалық одақтың хабарлауынша, Брюссель Израиль қарулы күштерінің (IDF) Ливанда уақытша тұрақтаған бітімгерлерге (UNIFIL) жасаған шабуылына алаңдаушылығын білдіріп отыр. Оқыс оқиға салдарынан бірнеше бітімгер жараланып қалған болатын.
— БҰҰ бітімгерлеріне жасалған шабуылдар халықаралық құқықты өрескел бұзу болып есептеледі, әрі мүлдем қабылданбайды. Мұндай шабуылдарды тез арада тоқтату қажет… Барлық субъекті БҰҰ қызметкерлері мен мүлкінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық шараны қабылдауға, сондай-ақ кез келген уақытта БҰҰ ғимараттарының қол сұғылмаушылығын сақтауға тиіс. Біз Израиль үкіметінен Оңтүстік Ливандағы тұрақтылықты қамтамасыз етіп отырған БҰҰ бітімгерлеріне жасаған шабуылына қатысты түсініктеме күтеміз, әрі бұл оқиғаға қатысты толыққанды тергеу жүргізілуін талап етеміз, — делінген Еуроодақ мәлімдемесінде.
Еуроодақ барлық тарапты кез келген уақытта БҰҰ бітімгерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттемелерін толық орындауға шақырды. Сондай-ақ Қауіпсіздік кеңесінің 1701 резолюциясын іске асыру бойынша жұмысты жалғастыруды ұсынды.
Бұдан бөлек мәлімдемеде UNIFIL қарулы күштері мен басқа да қызметкерлері ЕО-ға мүше 16 мемлекетке өзіндік үлесін қосып келе жатқаны айтылды. Олар халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау барысында қолайсыз жағдайларда жұмыс істеп жатқаны да хабарланды. Бұл ретте ЕО олардың кәсібилігін мойындайтынын, әрі UNIFIL-ге өз тарапынан қолдау көрсететінін атап өтті.
— Біз Израильдің «Хезболла» тұсынан оқ жаудырғанына алаңдаймыз. Оны тоқтату керек. Сондай-ақ, Израиль қарулы күштерінің Ливанның халық тығыз қоныстанған аудандарына жасаған соққысы салдарынан бейбіт халық зардап шегіп, қоныс аударуға мәжбүр. Біз барлық тарапты қандай жағдай болмасын халықаралық гуманитарлық құқықты сақтауға шақырамыз, — делінген мәлімдемеде.
Еске салсақ, 11 қазанда ЦАХАЛ Ливанның оңтүстігінде Накурдағы базада орналасқан БҰҰ бітімгерлерінің пунктіне шабуыл жасады.
БҰҰ деректеріне сәйкес, оқыс оқиға салдарынан екі адам жараланды. Біреуінің жағдайы ауыр деп бағалануда.
Бұған дейін Израиль бітімгерлерден әскери алаңдардан кетуді талап еткен болатын. Дегенмен UNIFIL «көк сызық» бойында мекендеген жерінде қалатын болып шешті.
Бұл Ливанға жасалған алғашқы шабуыл емес. Сейсенбі күні Израиль кезекті рет Ливанға әуе шабуыл жасаған болатын. Салдарынан қаза тапқандар саны 22 адамға жетті, тағы 80-і жарақат алды.