Бұл жайлы ЕО Кеңесінің президенті Херман Ван Ромпейдің, Еурокомиссияның төрағасы Жозе Мануэль Баррозу мен ЕО шетел істері мен қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Кэтрин Эштонның бірлескен мәлімдемесінде айтылған, деп хабарлайды Еурокомиссияның баспасөз қызметі.
«Біз Мысыр президенті Хосни Мүбарактың қабылдаған шешімін қолдап отырмыз. Отставкаға кету арқылы ол Мысыр халқының дауысына құлақ асып, реформаларды жеделдетуіне және тереңдей түсуіне, сонымен қатар демократияға өтуді оңтайландыруға жол ашты», - делінген еуропалық шенеуніктер таратқан хабарлама мәтінінде.