Еуроодақ Ормузда ұсталған британ кемелеріне қатысты пікір білдірді

Фото: None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Еуропалық Одақ Иранды Парсы шығанағында ұсталған британ танкерін дереу босатуға шақырды. Мұндай мәлімдемені сенбі күні Еуропалық Одақтың сыртқы саяси қызметінің ресми өкілі жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Иран тарапыныңекі кемені Ормуз бұғазында құрықтауы айтарлықтай алаңдаушылық туғызады», -делінген мәлімдемеде. ЕО-ның сыртқы саяси қызметі «оқиғаның бұлай өрбуі онсызда шиеленсікен жағдайды ушықтырып, қазіргі шиеленісті реттеуге бағытталғанжұмысқа кедергісін келтіруі мүмкін» екенін ескертті.

«Біз шиеленісжалғаспауы үшін кемені және ондағы команданы тез арада босатып, ұстамды болуғашақырамыз. Кеме қатынасында еркіндік сақталуы тиіс», - делінген құжатта.

Айта кетейік,Ормуз бұғазында Иран Ислам Республикасы сақшыларының корпусы халықаралық теңізережелерін бұзғаны үшін британдық танкердің ұсталғанын хабарлаған болатын.


Соңғы жаңалықтар