«28 қарашада Қазақстан астанасында Еуропалық одақ сауданы дамыту, заңның үстемдігі мен Орталық Азиядағы іскерлік тартымдылық бойынша жалпы бюджеті 55,6 млн еуроны құрайтын үш жаңа өңірлік бағдарламасын іске қосуға орайластырылған «Аймақтың өркендеуі үшін Орталық Азиядағы ықпалдастықты күшейту» атты конференциясын өткізеді. Бұл іс-шара біздің өңірдің өсіміне қол жеткізу үшін Еуропалық одақтың Қазақстан Республикасындағы өкілдігі, Еуропа кеңесі, Халықаралық сауда орталығы және Экономикалық ынтымақтастық және даму жөніндегі ұйымымен бірлесіп, ұйымдастырылады», - деді Айбек Смадияров.
Форум жұмысына Қырғыз Республикасы, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстанның үкіметтік делегациялары қатысады.