Бұл туралы Еуроодақтың Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілінің сұхбатына сілтеме жасап Ca-News, Trend агенттігі хабарлайды.
Қазақстандағы қазіргі таңдағы саяси үдеріске қатысты өз пікірін білдірген ол, «өздеріңіз білесіздер, Қазақстанда референдумды қолдаған 5 миллиондай адамның қолы жиналды. Оған қоса, ҚР Парламентінің бірауыздан шыққан пікірі тағы бар. Сондықтан да, қандай да бір ұқсастық іздеудің керегі жоқ. Менің айтпағым, Еуроодақ пен Қазақстанның құндылықтары ортақ, мұны Қазақстан Президенті қабылдаған шешім дәлелдеп отыр», - дейді П.Морель.