Бұл туралы Еуроодақтың Шетел істері және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі Кэтрин Эштон мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың бірлескен мәлімдемесінде айтылады, деп хабарлайды еуропалық дипломатия басшысының баспасөз қызметі.
Бірлескен мәлімдемеде тараптар Мәскеу мен Брюссельдің ұстанымдарын растай отырып, бірқатар Солтүстік Африка және Таяу Шығыс елдеріндегі жағдайлар бойынша өз алаңдаушылықтарын жеткізді.
К.Эштон және С.Лавровтың пікірінше, бұл елдердегі мәселелерді дағдарыстан шығып, қажетті қайта құруларды өткізу мақсатында барлық саяси күш және қоғам өкілдерінің қатысуымен ұлттық диалог арқылы өз халқы шешуі керек.