Еуроодақ Ресейге «Домодедоводағы» лаңкестік әрекеттен кейін қажет болуы ықтимал кез-келген техникалық көмекті ұсынуда

ССЕЛЬ. 25 қаңтар. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Еуроодақ Ресейге «Домодедоводағы» лаңкестік әрекеттен кейін қажет болуы ықтимал кез-келген техникалық қолдау мен көмекті ұсынуда.

Бұл туралы дүйсенбі күні Еурокомиссия төрағасы Жозе Мануль Баррозу мәлім етті.

Еурокомиссия басшысының айтуынша, ЕК вице-президенті Сийм Калласс Ресейдің көлік министрі Игорь Левитинге хат жолдап, «Домодедоводағы» лаңкестік әрекеттен кейін Ресей өкіметіне қажет болуы ықтимал кез-келген техникалық көмек ұсынды.

Ж.М.Баррозу сондай-ақ лаңкестік әрекетті айыптап, қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтты.

Естеріңізге сала кетейік, кеше, 24 қаңтар күні Мәскеудегі «Домодедово» әуежайында жасалған лаңкестік әрекеттің салдарынан 35 адам қаза тапты, 180 адам жараланды.

Құқық қорғау органдарының ақпараты бойынша, келушілерді қарсы алып тұрған топтың ішінде болған жанкешті сағат 16.33 кезінде жарылғыш затты іске қосқан. Лаңкестік құрбандарының қатарында такси жүргізушілері мен қарсы алушылар көп болған. Бомбаның қуаты тротилге балама 5-7 келіні шамалап отыр.