«Еуропалық Одақтың мемлекет және үкімет басшылары Ресей мұнайының үштен екі бөлігін импорттауға эмбарго қою туралы келісті. Санкцияның алтыншы пакетіне ресейлік Сбербанкті халықаралық SWIFT қаржылық хабарлама жүйесінен ажырату кірді», - деді Шарль Мишель.
09:07, 31 Мамыр 2022
Еуроодақ Ресейге қарсы санкциялардың мұнай эмбаргосы кірген алтыншы пакетін мақұлдады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еуропалық Одақ Ресейге қарсы санкциялардың алтыншы пакетін келісті. Бұл туралы Одақтың жоспардан тыс саммитінде Еуропалық кеңес басшысы Шарль Мишель Twitter-де жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.