Еуроодақ СІМ басшылары Еуроодақтың Орталық Азиядағы арнайы өкілі қызметіндегі Пьер Морельдің мандатын ұзартты

ЮССЕЛЬ. 19 шілде. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Еуроодаққа мүше 27 елдің сыртқы саясат ведомство басшыларының Брюссельде өткен отырысы барысында Еуроодақтың Орталық Азиядағы арнайы өкілі қызметіндегі Пьер Морельдің мандатын 2012 жылдың 30 маусымына дейін ұзарту туралы шешім қабылданды.

Бұл туралы Еуроодақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясат жөніндегі Жоғарғы өкілінің баспасөз қызметі хабарлады.

П.Морельдің қазіргі мандаты 2011 жылдың 31 тамызы күні аяқталады. Оның уәкілеттілігін ұзарту үшін Еуроодаққа мүше 27 мемлекеттің сыртқы істер министрлерінің барлығы бірауыздан қолдау білдіруі керек болған.

Пьер Жан Луи Ашиль Морель Ұлттық әкімшілік мектебінің түлегі (Франция), белгілі француз және еуропалық дипломат болып табылады.