Еуропалық Одақ Түркия арқылы Сирия халқына гуманитарлық көмек жеткізуге көмектесетін әуе көпірін іске қосып жатыр. Еуропалық Одақтың Дубайдағы қоймаларынан 50 тонна медициналық заттардың алғашқы партиясы Түркияның Адана қаласына жеткізіледі, олар жақын күндері Сирияға таратылады, деп хабарлады Еуропалық комиссия жұма, 13 желтоқсанда.
Тағы 46 тонна гуманитарлық көмек жүк көлігімен Даниядан Аданаға жеткізіліп, Сирияға тарату үшін ЮНИСЕФ пен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қызметкерлеріне тапсырылады. Жабдықтарға азық-түлік, дәрі-дәрмек және уақытша баспанаға арналған материалдар кіреді, деді Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен. Айтуынша, ол 17 желтоқсанда Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен кездесуде гуманитарлық көмек көрсету мәселелерін талқылайды.
Бұл – Башар Асад режимі құлатылғаннан кейін Еуроодақтың Сирияға жіберген алғашқы гуманитарлық көмегі. 2024 жылдың соңына қарай Еуропаның Сирияға гуманитарлық көмегінің көлемі 163 миллион еуроға жетті.
Бұған дейін Еуроодақ Сириядағы оқиғаларға байланысты ресми мәлімдеме жасады.