Агенттік өкілдерінің айтуынша, бұл Еуропаға Таяу Шығыс елдерінен оралған радикалдық көңіл-күйдегі азаматтардың қызметін бақылау үшін қажет.
Еуроюст интернет арқылы мәлімет берудің заманауи технологияларын қолдану лаңкестік жөніндегі істерді тексеруге техникалық жағынан да, заңдық көзқарас жағынан да кедергі келтіретіні туралы баяндама шығарды.
Сарапшылар қауіп-қатерлердің күшейе түсуі нәтижесінде Еуропалық комиссия Еуропаға және одан тыс жерлерге ұшатын жолаушылардың 42 бірлік жеке мәліметтерін ұсыну талабын жариялады. Атап айтқанда, авиакомпаниялар клиенттерінен қандай тағам жейтіні және бір бағытқа қарай сатып алынған билеттер саны туралы ақпараттармен бөлісу талап етілуде.
Дегенмен, басқа да көзқарастар бар. Бұдан бұрын Еуропа Кеңесі жанындағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл Нил Муйжниекс арнайы қызметтердің азаматтарға бақылау жасау әдістеріне байланысты олардың жұмысының мөлдірлігін арттыру қажеттігі туралы мәлімдеді. Оның пікірінше, лаңкестікпен немесе басқа да ұлттық қауіпсіздікке қауіптермен ешқандай күрес адамдарға жаппай бақылау орнатуды ақтай алмайды. «Мұндай шаралар өте қажет болған жағдайда ғана және алға қойылған мақсаттарға сәйкес қолданылуы тиіс», - деп жазды ол «Интернеттегі заңның үстемдігі» деген баяндамасында.