елге еуропалық іздеу-құтқару топтары мен иісшіл иттерді жөнелту туралы Жапония тарапының өтінішін қанағаттандырды.
Бұл туралы Еурокомиссияның баспасөз қызметіне халықаралық ынтымақтастық, гуманитарлық көмек мәселелері жөніндегі еурокомиссар Кристиалина Георгиеваның мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлады.
Еуропалық шенеунік атап көрсеткендей, «Жапония табиғат апатының салдарын еңсеру саласында әлемдегі ең дайындығы күшті ел болып табылады. Бірақ та бұл жолғы зілзала мен цунамидің ауқымы халықаралық көмекті қажет етіп отыр. Біз Жапонияның өтінішіне мүмкіндігінде жедел үн қатамыз. Еуропаның азаматтық қорғаныс жүйесі Жапонияға апат салдарын еңсеруге көмектесуге толық жұмылдырылады».
Естеріңізге сала кетейік, жұма күні Жапонияда 89 балдық жер сілкінісі болды. Осының салдарынан Жапонияның Тынық мұхит жағалауында биіктігі 10 метрге дейін жеткен цунами байқалды. Зілзала мен цунами салдарынан көп адам құрбан болды, қираулар орын алды. Атом электр стансаларында радиацияның жайылғаны туралы да ақпарат бар. Көлік қатынасы мен байланыс саласында да проблемалар жоқ емес.