Еуроодақ Жоғарғы өкілі Тәжікстан президентімен кездеседі
18:02, 10 Ақпан 2009
БРЮССЕЛЬ. Ақпанның 10-ы. ҚазАқпарат /Ержан Оспанов/ - Бүгін Брюссельде Еуроодақтың сыртқы саясат және саяси қауіпсіздік жөніндегі жоғарғы өкілі Хавьер Солана Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен кездеседі,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Х.Солананың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Келіссөздер барысында тараптар Еуроодақ пен Тәжікстан арасындағы екіжақты қатынастарды, сыртқы саясаттың басқа да мәселелерін, атап айтқанда, Орталық Азиядағы, Ауғанстандағы, Ирандағы және Таяу Шығыстағы соңғы оқиғаларды талқылайды.