Бірақ, бұл нақты дерек емес. Себебі, ислам Словакияда ресми танылмаған әрі мемлекеттік тіркеуден өтпеген дін. Сондықтан, басқа Еуропа елдеріндегі мұсылмандар санының көбейіп келе жатқанына қарап, Словакиядағы ислам дінін ұстанушылар қатары да аталған көрсеткішке қарағанда әлдеқайда көп болуы ықтимал.
Братиславадағы Ислам қорының негізін қалаушы Мұхаммед Хасна Словакияда бірде-бір мешіттің болмауын әділетсіздік деп санайды. Оның айтуынша, қор Братислава әкімшілігіне мешіт салуға жер беру туралы қаншама мәрте өтінішпен шыққанымен, ол талаптары қанағаттандырылмаған.
Қазіргі уақытта ел астанасының мұсылман жамағаты өз газетін шығарып, дін бойынша арнайы курстар өткізіп, мұқтаж жандарға көмектесіп тұрады. Қордың басты мақсаты - исламды осы елдегі ресми танылған дін ету, деп хабарлады muslim.kz.
Айта кету керек, 2007 жылы Словакия парламенті діни бірлестіктерді мемлекеттік тіркеуден өткізу үшін оның қатарындағы адамдар саны 20 мыңнан асуы керек деген заң қабылдаған болатын.