Құжатқа АҚШ астанасында өтіп жатқан НАТО саммиті аясында 4 елдің қорғаныс министрлері қол қойды.
Келісімнің мақсаты – еуропалық арсеналдардағы олқылықтың орнын толтыру.
Германияның Frankfurter Allgemeine Zeitung (FAZ) газеті келісімде даму ниеті қарастырылғанын және аталған елдер қорғаныс саласындағы ынтымақтастықтың егжей-тегжейлері туралы әлі де келісе алмағанын жазады. Ал, ФАЗ мәліметінше, 1 мың шақырымнан асатын (ядролық емес) кешенді дамыту жоспарланып отыр.