Еуроодақтың Орталық Азиядағы жаңа арнайы елшісі тағайындалды

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Еуроодақтың Орталық Азиядағы жаңа арнайы елшісі болып венгриялық дипломат Янош Херман тағайындалды. Бұл туралы ҚазАқпараттың тілшісіне Еуроодақтың шетел істері және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Кэтрин Эштонның баспасөз қызметінен хабарлады.

«Одан әрі жұмысты және Орталық Азия елдерімен жоғары деңгейде өзара іс-әрекетті қамтамасыз ету үшін өңірде ЕО-ның арнайы елшісі лауазымына Янош Херманды тағайындауды шештім. Я. Херман -тәжірибелі дипломат, онымен жаңа деңгейде жұмыс бастауды тағатсыздана күтудемін», - деп хабарлады К. Эштонның баспасөз қызметінен.

Янош Херман әр жылдары Норвегияда, Еуроодақ өкілдігінің басшысы, Венгрияда Сыртқы істер министрлігінің мемлекеттік хатшысы, НАТО жанындағы Венгрияның елшісі қызметтерін атқарды.