Еуроодақтың шұғыл шараларының салдарынан мұнай бағасы қымбаттай түсті

СТАНА. Мамырдың 11-і. ҚазАқпарат - 750 миллиард еуро соманың тұрақтандырушы қорын құру туралы Еуроодақ шешіміне байланысты мұнайдың әлемдік бағасы қымбаттай түсті.

Тұрақтандырушы қор Португалия мен Испания сияқты проблемалы елдерге үкіметтік несиелерді жедел бөлудің, займдар бойынша мемлекеттік кепілдер берудің мүмкіндігін қарастырады, деп хабарлайды РБК агенттігі.

Мамырдың 10-ы күнгі сауданың қорытындысы бойынша Нью-Йорк биржасында Light Sweet маралы мұнайдың бағасы 1,69 долларға қымбаттап, 76,80 доллар/баррелді құраса, Лондон биржасында Brent мұнайының ресми бағасы 1,85 долларға көтеріліп, 80,12 доллар/баррелді шамалады.