Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлайды.
«Өкінішке орай, біз полицейлерге қарсы қолданылатын зорлық фактілерінің өскендігін байқап отырмыз. Тәртіп сақшылары қатты жараланып, зақым алатын жағдайлар саны артуда», - деді полицейлер кәсіподағының өкілі.
Соңғы уақытта Бельгия астанасында және елдің басқа қалаларында қарақшыларды ұстау, құжат тексеру кезінде полицейлерге қарсылық көрсетілетіні, кейде, тіпті, соққыға жығылатын жағдайлар жиілеп кетті.
Бельгияның Ішкі істер министрлігі және әділет министрлігінің басшылары 2012 жылғы желтоқсан айында полицейлерге қатысты зорлыққа жол бермеуге бағытталған іс-шаралар кешенін қабылдауға уәде берген. Кәсіподақтардың айтуына қарағанда осы уәделердің басым бөлігі әзірге орындалмаған екен.