«Еуропа-Азия» саммиті Ниццадағы терактіге байланысты бір минуттық үнсіздікпен басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Моңғолиядағы «Еуропа-Азия» саммитінің пленарлық отырысы бүгін 80 адам ажал құшқан Ницца жағалауындағы терактіге байланысты бір минуттық үнсіздікпен басталды.

 Қатысушылар қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқандардың туыстары мен жапа шеккендерге көңіл айтты.

Форумда АСЕМ қатысушыларының терроризмді сынға алған арнайы мәлімдемесін дайындау туралы ұсыныс қарастырылып жатыр, деп жазды  life.ru.