АСТАНА. KAZINFORM — Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатында бүгін, 9 шілдеде 1/2 финалдағы алғашқы ойында Испания мен Франция құрамалары кездеседі.
Кездесу сағат 00.00-де басталып, «Qazaqstan» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Кездесу Мюнхен қаласындағы «Альянц-Арена» стадионында өтеді.
B тобында сынға түскен Испания құрамасы Хорватияны 3:0, Италия мен Албанияны 1:0 есебімен жеңді.
Одан кейін 1/8 финалда Грузияны 4:1, ширек финалда Германияны қосымша кезеңде 2:1 есебімен сүріндірді.
D тобында сынға түскен Франция құрамасы Австрияны 1:0 есебімен жеңсе, Нидерландпен 0:0, Польшамен 1:1 есебімен тең ойнады.
Ал 1/8 финалда олар Бельгияны 1:0 есебімен тізе бүктірcе, ширек финалда Португалияны пенальтиден 5:3 есебімен жеңді.
Екі құрама бұған дейін 42 мәрте кездесіп, 17-де Испания, 16-да Франция басым түссе, қалғанында тең нәтиже тіркелді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.