Еуропа чемпионаты: Футболдан Қазақстан жастар құрамасы Англиямен бір топқа түсті
17:56, 06 Ақпан 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Футболдан Қазақстан жастар құрамасының (U21) 2027 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турниріндегі қарсыластары белгілі болды.
Жеребе тарту рәсімі Швейцарияның Ньон қаласындағы штаб-пәтерінде өтті.
Sports.kz-тің мәліметінше, U-21 құрамалар арасында Еуропа чемпионатының електік сатысында Қазақстан бесінші қоржынға, яғни D тобына түсті. Топтық кезеңде жастарымыз Англия, Ирландия, Словакия, Молдова және Андоррамен шеберлік байқасады.
Айта кетейік, іріктеу ойындары 2025 жылдың наурызынан басталып, 2026 жылдың қазанына дейін жалғасады.
Бұған дейін футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі төртінші ойынын Данияға қарсы өткізіп, жеңіске жеткенін хабарлаған едік.