АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу сатысындағы Қазақстан - Словения кездесуінің қазақстандық қай телеарнадан көрсетілетіні белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ел құрамасы құрлықтық додада H тобында сынға түседі.
Қарсыластары - Дания, Словения, Финляндия, Солтүстік Ирландия және Сан-Марино.
Қазақстандық футболшылар 23 наурызда елордада Словения құрамасын қабылдайды.
Қазақстан - Словения кездесуі елорда уақытымен 20:50-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Еске салсақ, бұдан бұрын Марокко алтыншы мәрте футболдан 2030 жылғы әлем чемпионатын өткізуге ұсыныс білдірді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.