Еуропа елдері Францияға орман өртін сөндіруге көмектесіп жатыр

Фото: None
ПАРИЖ. ҚазАқпарат - Еуропа елдері Францияның оңтүстік-батысындағы Жиронда департаментіндегі өртті сөндіру үшін қосымша күш жіберіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.

Осы аптадағы аптап ыстықта өрт күшейіп, 7,5 мың гектар орманды шарпыды. Төтенше жағдай қызметінің мамандары ең болмаса өрттің жайылуын тежесек деп отыр. 1000-нан астам өрт сөндіруші тілсіз жауды оқшаулау үшін тоқтаусыз жұмыс істеп жатыр. Оларға Польша, Австрия, Румыния, Венгрия және Германиядан тағы 350 маман жіберілді.

Соңғы жаңалықтар