Бұған өңірдегі 33 елдегі 2018–2020 жылдар аралығында жиналған деректері дәлел.
Жалпы алғанда, бастауыш мектеп жасындағы 411 мыңға жуық бала туралы ақпарат зерттелді. Есепте алғаш рет Армения, Германия және Израиль – ДДСҰ бастамасына жақында қосылған елдердің деректері ұсынылған.
Аймақ бойынша орта есеппен артық салмақ, оның ішінде семіздік балалардың 29 пайызында тіркелген. Алайда, елдер бойынша көрсеткіш айырмашылығы айтарлықтай: Тәжікстанда балалардың тек 18 пайызында артық салмақ байқалса, Кипрде – 43 пайыз. Сонымен қатар, салмақтың жоғарылауы қыздарға (28 пайыз) қарағанда ұлдарға (31 пайызы) көбірек тән.
«Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, әрбір үшінші бала әлі де артық салмақпен немесе семіздікпен өмір сүріп жатыр. Бұл санды азайту үшін біз өз әрекеттерімізді күшейтуіміз керек», — деді ДДСҰ-ның жұқпалы емес аурулардың алдын алу және бақылау жөніндегі Еуропалық басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы доктор Кремлин Викрамасингх.
Балалардағы артық салмақтың негізгі себептерінің бірі – қозғалыссыз өмір салты, дұрыс тамақтанбау және қантты шамадан тыс тұтыну. Зерттеу көрсеткендей, балалардың барлығы дерлік (87 пайызы) күніне кемінде бір сағат сыртта ойнайды, көбісі (43 пайызы) күн сайын жеміс–жидек жейді, ал 34 пайызы көкөніс жейді, бұл балалардың дене салмағын қалыпты деңгейде ұстау үшін жеткіліксіз болып отыр.
Ашық көздерден алынған фото