Еуропа елдерінің бензин бағасына рейтингісі
00:03, 27 Сәуір 2014
АСТАНА. ҚазАқпарат - «РИА Рейтинг» сарапшылары елдердің ресми статистикасы мәліметтеріне сүйеніп, бензин бағасы деңгейі бойынша елдердің кезекті рейтингісін әзірледі. 2014 жылғы ІІ тоқсандағы ең қымбат бензин бұрынғыша Норвегияда сатылуда, люксембургтіктер өздерінің табысына басқалардан көбірек бензин сатып ала алады, деп хабарлады ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі.
«РИА Рейтинг» сарапшыларының пікірінше, 2014 жылдың басында Еуропаның автомобиль бензинінің тұтыну нарығында жағдай қалыпты болды. Бағалар онша өзгере қойған жоқ. Кейіннен Украинада саяси дағдарыс пен оған ілесе экрономикалық проблемалар күшейе түскен кезде онда беyзин бағасы күшті өсіп кетті. Сондай-ақ отынға салық жүктемесі ұлғайған Румынияда да бензин елеулі түрде қымбаттады.