Автордың айтуынша, зерттеу Еуроодақ құрамындағы мемлекеттер арасында кедейлік көрсеткіші бойынша үлкен айырмашылық бар екенін анықтаған.
«9 млн француздың табысы Еуропадағы орташа табыстың 60%-нан төмен, яғни, олардың кедейлікке жақын екені анықталды. Бұл жалпы Еуроодақ бойынша 17,3%-ға төмен көрсеткіш. Чехия Республикасында Еуроодақ құрамындағы 28 мемлекет арасында кедейлік деңгейі өте төмен. Дегенмен, мемлекеттің орташа табысы айына 620 евроны құраса, сегізінші орын алған Австрияда орташа табыс 1 155 евро екенін ескеру керек», деп жазады басылым.