Еуропа қайта құру және даму банкінің өкілдері KGF тікелей инвестициялау қорының қызметімен танысты

АЛМАТЫ. Наурыздың 16-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстанға іссапармен келген Еуропа қайта құру және даму банкінің өкілдері ұзақ мерзімдік стратегиялық инвестициялық ынтымақтастық аясында KGF тікелей инвестициялау қорының қызметімен танысты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қор корпоративтік басқару процедурасын енгізу жұмыстарын аяқтап, нақты жобаларды талдауды бастады. Біз енді жақын арада алғашқы инвестицияларын жүзеге асыратына үміт артамыз. Қазақстанның нақты секторындағы кәсіпорындар жеке қаражаттан тапшылық көруде. Сол себепті тікелей қаржыландыру сияқты құрал орнықты компанияларды құрудың негізгі талабы болу мүмкін», дейді қордың Бақылаушылар кеңесінің мүшесі Курт Гайгер.

Қазіргі таңда қоржынында 28 компанияның жобалары қаралып жатқан KGF тікелей инвестициялау қоры өз қызметін 2009 жылдың күзінде бастаған болатын. Ол компания акцияларының немесе үлестерінің 25-тен 50 пайызға дейінгі көлемде иеленуге дайын. Мамандардың айтуынша, қазір компаниялардың акционерлік капиталын инвестициялауға ең ұтымты сәт. Дағдарысқа байланысты компанияларды инвестициялық бағалауға түзетулер енгізілді. Бұл олардың акцияларын немесе үлесін иеленуге қатысуды барынша тартымды етуде.