Еуропа Кеңесі Венеция комиссиясының сарапшысы ШҚО-ның сайлау комиссиялары үшін тренингтер өткізуде
12:41, 07 Желтоқсан 2012
ӨСКЕМЕН. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Өскеменде Еуропа Кеңесі Венеция комиссиясының сайлау мәселелері жөніндегі тәуелсіз сарапшысы Евгений Радченконың қатысуымен
«Төменгі сайлау комиссияларында жұмыс істеу үшін мамандарды даярлау» тақырыбы бойынша өңірлік семинар-жаттығулар басталды.
Оқыту семинарына өңірлік сайлау комиссияларының мүшелері қатысуда.
Сайлау комиссияларының мамандары жұмыс істеудің замануи әдістерін қолдана отырып әдістемелік және педагогикалық тәсілдерге үйретілуде. Онымен бірге, көзбен шолу техникалық құралдарын қолдануға үйренуде.