«Біз энерготасымалдаушылар мен азық-түлік бағасы туралы айтқанда «кешігу» әсері болатынын ескеруіміз қажет. Салыстырмалы түрде қазір энергия бағасының төмен болуы азық-түлік өнімдері өндірісі бағасының да арзандауына әкелуі керек, сонда біз айырмашылықты көре аламыз. Ал қазіргі супермаркеттердегі бағалар жарты жыл бұрынғы энергияның бағасына сай болып тұр. Сол себепті егер энерготасымалдаушылар бағасы тұрақтанса, азық-түлік өнімдері шамамен алты айдан кейін арзандайды», - дейді TELF AG сарапшысы Рик де Оливейра.
Венгрияда азық-түлік 50 %-ға қымбаттады, Литва мен Словакияда үштен бір есе көтерілді. Биыл бағаның өсімі тоқтаса да сатып алу қабілетінің төмендеуі ұзақмерзімді мәселеге алып келеді.
«Тұтынушылардың сенімі жыл соңына қарай артады деп болжай аламыз, бірақ өмір құны дағдарысымен күресу үшін одан да ұзақ уақыт керек», - деп пікір білдірді TELF AG сарапшысы Рик де Оливейра.
Саясаткерлер өмір құны дағдарысы туралы айтып жатыр. Азық-түлік бағасы 10 айдан бері көтерілуде. Дүниежүзілік экономикалық форум дерегі бойынша, бұл кейінгі 33 жылдағы үзіліссіз инфляцияның ең ұзақ мерзімі.