Еуропа қысқы уақытқа көшті: сағат тілі бір сағат артқа жылжыды

АСТАНА. KAZINFORM — 25 қазан түні ЕО мүше мемлекеттерінде сағаттар бір сағатқа артқа жылжытылды, деп хабарлайды Kazinform DW -ге сілтеме жасап.

Фото: freepik

Еуропа Одағына мүше елдер 25 қазан жексенбіге қараған түні сағат тілін бір сағатқа артқа жылжытып, қысқы уақытқа көшті.

Еуроодақта жазғы және қысқы уақытты ауыстырудың бірыңғай ережесі 1996 жылдан бері қолданылады. Наурыздың соңғы жексенбісінде Еуропа уақытын бір сағат алға, ал қазанның соңғы жексенбісінде бір сағат артқа жылжытады. 2019 жылы Еуропа Парламенті уақыт ауыстыруды алып тастауды қолдаған болатын, бірақ ЕО елдері бұл мәселе бойынша әлі ортақ ұстанымға келген жоқ.

Қазір Еуропа Одағында үш уақыт белдеуі бар. Ирландия мен Португалия Гринвич уақытын (GMT) пайдаланады, Финляндия, Балтық жағалауы елдері секілді сегіз ел Шығыс Еуропа уақытымен өмір сүреді, бұл елдерде таң Гринвичтен екі сағат бұрын атады. Ал Еуропаның орталық бөлігіндегі қалған елдер Орталық Еуропа уақытын (Гринвичтен бір сағат алда) жүреді.

Бұған дейін АҚШ-та Трамп та сағат тілін жылына екі рет ауыстыруды тоқтатуды ұсынған болатын.