Еуропа лигасы: «Рома» өз алаңында «Лилль» командасына есе жіберді
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін футболдан UEFA Еуропа лигасы негізгі кезеңіндегі екінші тур ойындары өтті.
Бұл күні Италияның «Рома» командасы өз алаңында франциялық «Лилль» клубын қабылдаған еді. Кездесу барысында франциялық клуб сапынан соғылған жалғыз гол оларға жеңіс алып келді. Қатарынан екі мәрте үш ұпай олжалаған олар турнир кестесіндегі жағдайын жақсарта түсті.
Ойындар кестесі:
«Селтик» (Шотландия) — «Спортинг Брага» (Португалия) 0:2
«Рома» (Италия) — «Лилль» (Франция) 0:1
«Болонья» (Италия) — «Фрайбург» (Германия) 1:1
«Виктория Пльзень» (Чехия) — «Мальмё» (Швеция) 3:0
«Бранн» (Норвегия) — «Утрехт» (Нидерланд) 1:0
«Фенербахче» (Түркия) — «Ницца» (Франция) 2:1
ФКСБ (Румыния) — «Янг Бойз» (Швейцария) 0:2
«Панатинаикос» (Грекия) — «Гоу Эхед Иглс» (Нидерланд) 1:2
«Лудогорец» (Болгария) — «Реал Бетис» (Испания) 0:2
«Порту» (Португалия) — «Црвена Звезда» (Сербия) 2:1
«Ноттингем Форест» (Англия) — «Мидтьюлланн» (Дания) 2:3
«Базель» (Швейцария) — «Штутгарт» (Германия) 2:0
«Фейеноорд» (Нидерланд) — «Астон Вилла» (Англия) 0:2
«Генк» (Бельгия) — «Ференцварош» (Венгрия) 0:1
«Маккаби Тель-Авив» (Израиль) — «Динамо Загреб» (Хорватия) 1:3
«Лион» (Франция) — «Ред Булл Зальцбург» (Аустрия) 2:0
«Сельта» (Испания) — ПАОК (Грекия) 3:1
«Штурм» (Аустия) — «Реал Бетис» (Испания) 2:1.
Жарыстың аталған сатысында барлығы 36 команда сынға түседі. Олардың әрбірі 8 ойыннан өткізеді. Оның 4-еуі өз алаңында, қалғаны сырт алаңда өтеді.
Алғашқы тур ойындары 24, 25 қыркүйек күні өткізілсе, екінші тур — 2 қазан, үшінші тур — 23 қазан, төртінші тур — 6 қараша, бесінші тур — 27 қараша, алтыншы тур — 11 желтоқсан, жетінші тур — 22 қаңтар, сегізінші тур — 29 қаңтарға белгіленген.
Ал плей-офф сатысындағы ойындар 19-26 ақпан, 1/8 финал — 12-19 наурыз, ¼ финал — 9-16 сәуір, жартылай финал — 30 сәуір-7 мамыр, финал 20 мамырға белгіленген.
Еске салсақ, футболдан жастар арасындағы әлем чемпионаты Өзбекстан мен Әзербайжанда өтеді.