АСТАНА. KAZINFORM — Футболдан Еуропа лигасы және Конференция лигасы ширек финалына жолдама алған командалар белгілі болды.
Енді Еуропа лигасы ширек финалында «Лацио» (Италия) мен «Бодо-Глимп» (Норвегия), «Айнтрахт» (Германия) мен «Тоттенхэм Хотспурс» (Англия), «Атлетик» (Испания) мен «Лион» (Франция) шеберлік байқасады.
Ал Конференция лигасында «Ягеллония» (Польша) мен «Бетис» (Испания), «Фиорентина» (Италия) мен «Целе» (Словения), «Легия» (Польша) мен «Челси» (Англия), «Рапид Вена» (Аустрия) мен «Юргорден» (Швеция) кездеседі.
Ширек финал ойындары 10 және 17 сәуір күндеріне белгіленген. Ал жартылай финал 1 және 8 мамыр күндері өтеді.
Финал Польшаның Вроцлав қаласындағы «Тарчиньски Арена» стадионында өткізіледі.
Еске салсақ, бұдан бұрын УЕФА Чемпиондар лигасы ширек финалына шыққан алғашқы командалар белгілі болды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.