Еуропа лигасы: «Штутгарт» өз алаңында «Сельтадан» басым түсті
АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан UEFA Еуропа лигасы негізгі кезеңіндегі бірінші туры мәресіне жетті.
Екінші ойын күнінде Германияның «Штутгарты» өз алаңында Испанияның «Сельта» командасын қабылдаған еді. Кездесу барысында қарсыластар тартысты ойын өткізді. Десе де германиялық команда жеңіске жету кілтін таба білді. Нәтижесінде олар қарсыласын 2:1 есебімен тізе бүктіріп, турнир кестесіндегі жағдайын жақсартып алды.
Ойындар нәтижесі
25 қыркүйек
«Гоу Эхед Иглс» (Нидерланд) — ФКСБ (Румыния) 0:1
«Лилль» (Франция) — «Бранн» (Норвегия) 2:1
«Астон Вилла» (Англия) — «Болонья» (Италия) 1:0
«Глазго Рейнджерс» (Шотландия) — «Генк» (Бельгия) 0:1
«Янг Бойз» (Швейцария) — «Панатинаикос» (Грекия) 1:4
«Ред Булл Зальцбург» (Аустрия) — «Порту» (Португалия) 0:1
«Утрехт» (Нидерланд) — «Лион» (Франция) 0:1
«Ференцварош» (Венгрия) — «Виктория Пльзень» (Чехия) 1:1
«Штутгарт» (Германия) — «Сельта» (Испания) 2:1.
Енді алдағы тур ойындары 2 қазан күні өткізіледі.
Еске салсақ, бұдан бұрын аталған турнирдегі алғашқы ойын күнінің нәтижесі белгілі болды.