Еуропа лигасы: «Тобыл» бүгін «Ружемберокпен» қарымта кездесу өткізеді
АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін, 18 шілдеде Қостанайдың «Тобылы» футболдан Еуропа лигасы бірінші іріктеу кезеңінде өз алаңында Словакияның «Ружемберок» командасымен кездеседі.
Кездесу елорда уақытымен 20:00-де басталып, «Ел Арна» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
«Ружемберок» Словакия чемпионатында 2005-2006 жылғы маусымда алтын медаль алды. Сол жылы ел Кубогін иеленсе, былтыр бұл жетістігін тағы бір мәрте қайталады. «Ружомберок» еурокубокта жеті рет ойнаған. 2006 жылы Чемпиондар Лигасының жән 2017жылы Еуропа Лигасының үшінші іріктеу кезеңіне дейін жетті.
Айта кетсек, екі команда арасындағы алғашқы кездесуде «Тобыл» қарсыласына 2:5 есебімен жол берген еді.
Аталған команда құрамында негізінен словакиялық футболшылар ойын көрсетеді. Олардың қатарында Самюэль Лавринчик, Мартин Хриен және қақпашы Томас Фрювальд секілді тәжірибелі ойыншылар бар.
Айта кетсек, бүгін Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңінде «Ақтөбе» сырт алаңда Босния және Герцоговинаның «Сараево» клубымен кездеседі. Алғашқы ойында ақтөбелік футболшылар қарсыласына 0:1 есебімен жеңіліп қалған еді.
Ал елордалық «Астана» Конфеернция лигасын екінші іріктеу кезеңінен бастайды.
Еске салсақ, бұдан бұрын Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу кезеңінде шымкенттік «Ордабасы» Молдованың «Петрокуб» клубына (0:0, 0:1) жол берді.