Кездесу Астана уақытымен 23:00-де басталады. Оны «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді.
Екі кездесуден тұратын осы раундтың жеңімпазы турнирдің топтық кезеңіне жолдама алады. Командалар бір-бірін жақсы таниды, өйткені бұған дейін Чемпиондар лигасына іріктеудің плей-офф кезеңінде үш жыл бұрын кездескен болатын. Сол кезде Станимир Стоилов шәкірттері 1:0 және 1:1 есебімен басым түсіп, топтық кезеңге өткен. Араға бір жыл салып, қарсыластар Еуропа лигасында бір топқа түсіп, екеуі де өз алаңындағы ойында 2:1 есебімен жеңіске жеткен.