Еуропа лигасы: «Арсенал» ширек финалға шыға ала ма

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін UEFA Еуропа лигасы 1/8 финалындағы алғашқы ойындар өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарыстың аталған сатысында 1/16 финалында жеңімпаз болған 8 команда қатарына топтық кезеңде бірінші орын алған клубтар қосылды. Енді командалар ширек финал жолдамасын сарапқа салады.

Аталған ойындар арасынан елорда уақытымен 23:35-те «Спортинг» (Португалия) пен «Арсенал» (Англия) ойыны «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Ал 01:50-де «Ювентус» (Италия) пен «Фрайбург» (Германия) кездесуін «Qazaqstan», «Манчестер Юнайтед» (Англия) пен «Бетис» (Испания) ойынын «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде тамашалауына болады.

Еуропа лигасының 1/8 финалындағы жұптардың тізімі:

«Унион Берлин» (Германия) - «Юнион Сен-Желуаз» (Бельгия)

«Севилья» (Испания) - «Фенербахче» (Түркия)

«Ювентус» (Италия) - «Фрайбург» (Германия)

«Байер» (Германия) - «Ференцварош» (Венгрия)

«Спортинг» (Португалия) - «Арсенал» (Англия)

«Манчестер Юнайтед» (Англия) - «Бетис» (Испания)

«Рома» (Италия) - «Реал Сосьедад» (Испания)

«Шахтер» (Украина) - «Фейеноорд» (Нидерланды).

1/8 финалдық ойындар 9 және 16 наурыз күндеріне жоспарланған.

Айта кетсек, Еуропа лигасының финалы 31 мамырда Венгрия астанасы Будапешт қаласындағы «Ференц Пушкаш» стадионында өтеді.