Елордалық ұжым алғашқы минуттардан бастап-ақ ойын тізгінін қолға алды. Жылдам шабуылдардың нәтижесінде 7-минутта Марин Томасов дәл соққы бағыттап, есеп ашты.
Тайм соңына дейін командалар алма-кезек шабуылдағанмен, үзіліске 1:0 есебімен шықты.
Еске салайық, УЕФА Еуропа лигасы 1/16 финалы аясындағы «Астана» - «Спортинг» командаларының кездесуі елордадағы «Астана Арена» стадионында өтіп жатыр. Матч әлемнің бес құрлығына тікелей эфирде таратылуда.