Еуропа лигасы: «Астана» андорралық қарсыласымен тең түсіп жатыр

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан UEFA Еуропа лигасы екінші іріктеу кезеңі аясында елордалық «Астана» сырт алаңдағы Андорраның «Санта-Колома» командасымен кездесуде. Матчтың бірінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бірінші кезеңнен кейін екі команда тең түсіп жатыр.Есеп ашылатын бірнеше мүмкіндік болған еді. Оның ешқайсысы голға айналған жоқ.

«Санта-Колома» - Андорраның белгілі клубының бірі.Бұған дейін Еурокубокойындарына тұрақтықатысып келеді.

Бірінші кезеңде «Астана» сапында Ненад Эрич, АнтониоРукавина, Марин Аничич, Евгений Постников, Лука Шимунович, Юрий Логвиненко,Иван Маевский, Рунар Мар Сигурьонссон, Марин Томасов, Роман Муртазаев жәнеДорин Ротариу шықты.

Ал «Санта-Колома» бапкерлері оларға қарсы Элой Касальс,Мойсес Сан-Николас, Хуанма Миранда, Андреу Рамос, Чус Рубио, Андре Азеведу,Педро Сантос, Марк Ребес, Чус Соса, Пи, Диего Нахера сынды футболшыларды қойды.

«Санта-Колома» біз ойлағандай оңай команда емесекенін көрсетті. Бірінші кезеңде «Астанаға» лайықты қарсылық таныта білді. Ойынбарысында тек қорғаныста жүрген жоқ. Қолайлы сәт туғанда алдыңғы шептен декөрініп жатты.

Кездесу барысында ойын тізгіні «Астана» қолындаболды. Біздің команданың гол соғатын екі мүмкіндігі туған еді. Дегенмен, оны тиімді пайдалана алған жоқ.

Соңғы жаңалықтар