Еуропа лигасы: «Астана» андорралық клубтан айласын асыра ма

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан UEFA Еуропа лигасы екінші іріктеу кезеңінде елордалық «Астана» сырт алаңда Андорраның «Санта-Колома» командасымен кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Естеріңізге салакетелік, «Астана» биыл еурокубок ойындарын UEFA Чемпиондар лигасы біріншііріктеу кезеңінен бастаған еді. Онда Румынияның ЧФР командасына жол берді.

Ал «Санта-Колома»жарысты аталмыш турнирдің алдын ала іріктеу сатысынан бастады. Алдымен алдынала іріктеу сатысының жартылай финалында Сан-Мариноның «Тире Пенне» командасын1:0 есебімен жеңіп, одан кейін финалда Косовоның «Ферроникели» клубына 1:2есебімен жол берді. Осылайша Еуропа лигасы екінші іріктеу сатысына қатысатынболды.

«Санта-Колома» – еліндегітәжірибелі клубының бірі саналады. Команда 1986 жылы құрылған. Бүгінгі күнгедейін 13 мәрте Андорра чемпионатында алтыннан алқа тақты. Соңғы алты жылданбері чемпиондық тұғырға тұрақты түрде көтеріліп келеді. Еурокубок ойындарындаәзірге жоғары жетістігімен жанкүйерді қуанта алмай келеді. Тек 2014 жылыЧемпиондар лигасы бірінші іріктеу сатысында Арменияның «Бананц» командасын ортажолда (1:0, 2:3) қалдырып кетті. Онда сырт алаңда соққан голдың есебіненжарысты жалғастыруға мүмкіндік алды. Дегенмен жарыстың келесі сатысындаИзраильдің «Маккаби» (Тель-Авив) командасына шамасы келген жоқ.

Биыл команда құрамыбірқатар футболшылармен толықты. «Санта-Колома» сапына әлемнің белгіліклубтарында тәжірибе жинақтаған Хави Комоча, чилилік Николас Медина сындыжігіттер бар.

«Санта-Колома»сапынан ұлттық құрама сапында ойнайтын футболшылар бар. Солардың бірі – ХордиАлаэс былтыр 9 қыркүйекте Ұлттар лигасы аяясындағы Андорра құрамасыныңҚазақстанмен өткізген кездесуіне қатысты. Сол ойында гол соғып кетті.Нәтижесінде екі құрама 1:1 есебімен тең түсті. Сондай-ақ, аталмыш клуб жейдесінкиген Энрик Пи Сола да ұлттық құрама сапында ойын көрсетеді. «Санта-Колома»командасына испан маманы Марк Родригес жетекшілік етеді. Ол клубтың жоғарыорыннан көрінуіне зор үлес қосып келеді.

Кездесу Андорра-ла-Вельяелді мекеніндегі 1 600 адам сиятын «Комуналь» стадионында өткізіледі. Бұл елдімекенде 3 мыңға тарта адам тұрады.

«Санта-Колома» мен«Астана» командалары арасындағы кездесу Нұр-Сұлтан уақытымен 00.00-дебасталады. Тікелей көрсетілім андорралық клубтың Youtube-каналы арқылы жасаладыдеп жоспарланып отыр.

Қос клубтыңжеңімпазы жарыстың келесі сатысында бүгінгі таңда Чемпиондар лигасы екіншісатысында сынға түсіп жатқан «Ференцварош» (Венгрия) және «Валлетта» (Мальта)жұбының жеңілген командасымен шеберлік байқасады.



Фото: fcastana.kz

Соңғы жаңалықтар