Еуропа лигасы: «Астана» елордада «Лудогорецтен» басым түсті

Фото: Фото: sports.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан UEFA Еуропа лигасы үшінші іріктеу сатысында «Астана» елордада «Лудогорец» (Болгария) командасымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінгі кездесуде командалар тартысты ойын өрбітті. Алғашқы минуттан қақпа маңында шабуыл ұйымдастырды. Есепті 34-минутта болгариялық клубтан Ноа Сундберг ашты. Ойынның 40-минутында елордалық клубтан Жарко Томашевич таразы басын теңестірді.

Екінші кезеңде «Астана» футболшысы Александр Марочкин мергендік танытып, қорытынды есепті белгіледі.

Осылайша елордалық клуб қарсыласынан 2:1 еесбімен басым түсті.

Қарымта кездесу 17 тамызда болады.

Елордалық «Астана» Еуропа лигасы плей-офф сатысына шыққан жағдайда Нидерландтың «Аякс» клубымен кездеседі.

Аталған командаа есе жіберген жағдайда «Астана» Конференция лигасы плей-офф сатысында «Валмиера» (Латвия) және «Партизани» (Албания) жұбының жеңімпазымен шеберлік байқасады.

«Астана» бұдан бұрын Чемпиондар лигасында Грузияның «Динамо Тбилиси» клубынан (1:2, 1:1) айласын асырса, одан кейін Хорватияның «Динамо Загреб» командасына (0:4, 0:2) есе жіберді.