Алғашқы тайм барысында сылбыр ойнаған футболшылар бiр-бiрiнiң қақпасына гол сала алмай, үзiлiске аттанды. Ал екiншi таймда қазақстандық клубтың қарсыластары айып добын тебуге мүмкiндiк алды және "тоғыз метрлiктi" "Хапоэльдiң" шабуылшысы Лукас Саша мүлтiксiз орындап, "Астана" қақпасында доп тулатты.
Айта кетейiк, Астанада өткен бiрiншi кездесуде жергiлiктi команда "Хапоэльге" жауапсыз 3 гол тоғытқан болатын. Осы жеңiсiнiң арқасында жалпы қорытынды бойынша 3:1 есебiмен жеңiске жеткен "Астана" Еуропа Лигасының үшiншi раундына жолдама алды.