Топтық кезеңдегі алғашқы жеңісі «Астанаға» 570 мың еуро әкелді. Бұрын қазақстандық клубтың жалпы табысы былай болған: 280 мың еуроны «Астана» Чемпиондар Лигасындағы бірінші іріктеу кезеңіне қатысқандығы үшін, бұдан кейін – Чемпиондар Лигасының екінші кезеңіне қатысқаны үшін 260 мың еуро, үшінші кезеңіне қатысқаны үшін 280 мың еуро алған еді.
Еуропа лигасының топтық кезеңіне шыққаны клубтың бюджетін тағы 2,92 миллион еуроға көбейтті. Қазіргі уақытта «Астананың» еуро маусымындағы тапқан табысы 4,31 миллион еуроны құрайды.
Ал, бұдан басқа астаналық клубқа төленетін маркетингтік және телеқұқыққа байланысты қаржы маусымның соңында белгілі болмақ.