Еуропа лигасы: «Астана» плей-оффқа шықты

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалық «Астана» футболдан UEFA Еуропа лигасы плей-офф кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Естеріңізге салакетелік, 8 тамызда «Астана» өз алаңында Мальтаның «Валлетта» клубынан 5:1 есебімен басым түскен болатын. Сондықтан мальталық клубтың жарыстың келесі сатысына шығу мүмкіндігіқиындап кетті.

Елордалық клуббүгін сырт алаңдағы қарымта ойында да жақсы ойын өрнегін көрсетті. Кездесудіңбірінші кезеңінде «Астана» сапынан Роман Муртазаев 25, Марин Томасов 37-минуттагол соқты. Бұдан кейін алаң иелерінің жарыстың келесі сатысына шығу мүмкіндігіодан да қиындай түсті. Өйткені, енді олар кемінде 7 гол соғып, өз қақпасына голжібермеу керек болды.

Екінші кезеңде де елордалық клуб жинақы ойын өрнегінкөрсетті. Нәтижесінде 68-минутта Роман Муртазаев тағы бір голдың авторыатанды.

Кездесу нүктесін 89-минутта Марин Томасов қойды. Осылайша елордалық клуб сырт алаңда 4:0 есебімен жеңіске жетті.

Енді «Астана» плей-офф сатысында Беларусьтің БАТЭкомандасымен кездеседі. Беларусь клубы бүгін Боснияның «Сараево» командасынорта жолда қалдырды. «Астана» оларды 22тамызда өз алаңында қабылдаса, 29 тамызда қарымта ойын өткізеді.



Соңғы жаңалықтар