Ойын алғашқы минуттардан қыза түсті. Әсіресе өз жанкүйерлерінің көз алдында бірінші нөмірмен ойнауға тырысқан елордалық ұжымның шабуылдары қауіпті бола түсті.
18-минутта бұрыштамадан кейін қолайлы позицияда тұрған 11-нөмірдегі Педро Энрике гол соғып, алаң иелерін алға бастады.
Еске сала кетсек, матч «Астана Арена» стадионында өтіп жатыр.