Рейтингтің негізіне ойыншылардың Еуропа Лигасындағы және өздерінің ұлттық чемпионаттарындағы өнерлері алынды, кейін FedEx статистикалық алгоритмі арқылы олардың қазіргі деңгейі бағаланды.
Аталмыш тізімде бірінші орында испаниялық «Реала Сосьедад» клубының қорғаушысы Альберто Де ла Белья тұр. Екінші орынға италиялық «Атлантаның» жартылай қорғаушысы Ремо Фройлер орналастырылған. Үздік үштікті француздық «Лионның» футболшысы Набиль Фекир тұйықтаған.
«Астана» командасының шабуылшысы Патрик Твумаси рейтингтің 19-ыншы орнында. УЕФА оның «Вильярреалмен» матч кезіндегі ойынын жоғары бағалаған. Твумасидің серіктесі, қорғаушы Дмитрий Шомко 38-інші орынға тұрақтады. Сондай-ақ тізімге «Астананың» форварды Жуниор Кабананга енген - 57-орын.