АСТАНА. ҚазАқпарат- Футболдан Еуропа лигасы үшінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойындар өтіп жатыр. Алматының «Қайраты» Чехияда Оломоуц қаласының «Сигма» командасымен кездесіп, бірінші кезеңнен кейін 0:1 есебімен жеңіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазірге дейінгі жалғыз доп 21-минутта «Қайрат» қақпасына соғылды. Ол «Сигма» ойыншысы Мартин Сладкидің еншісіне жазылды. Сондай-ақ, дөрекі қимылына байланысты «Қайраттың» қорғаушысы Ғафуржан Сүйімбаев 38-минутта қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.
Жалпы, аталмыш ойында алаң иелерінің басымдығы байқалып отыр. Олар бірнеше мәрте қауіпті шабуылдар ұйымдастырып үлгерді.
Қос команданың жеңімпазы Испанияның «Севилья» және Литваның «Жальгирис» жұбынан үздік шыққан клубпен кездеседі. Олар да бүгін өзара тартысқа түседі. Ойындар 23 және 30 тамыз күндері өтеді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.