Матч «Қазақстан» телеарнасында тікелей эфирде көрсетілетін болды. Бұл туралы бүгін «Қайрат» футбол клубының баспасөз қызметінен хабарлады.
Ойын үстіміздегі жылы 21 тамызға қараған түні Алматы уақыты бойынша сағат 00:30-да Бордо қаласының «Нуво Стад де Бордо» стадионында басталады.
Ал қарымта матч 27 тамыз күні Алматы қаласының Орталық стадионында өтеді.