Еуропа лигасы: «Қайрат» «Бордоға» есе жіберді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қайрат» Еуропа лигасында 0:1 есебімен «Бордоға» есе жіберді.

Бұл туралы Sports.kz хабарлады.

Ойынның 27-минутында француздық «Бордо» ойыншысы Хазри «Қайраттың» қақпасынан саңылау тапқан болатын. Осы гол кездесу тағдырын шешті.

Ойынның бас төрешісі Арнолд Хантер (Солтүстік Ирландия) болды.