Бұдан бұрын Израильде өтіп жатқан ойынның алғашқыкезеңінің нәтижесі жайында хабарлаған едік. Бірінші кезеңде алаң иелеріалдымен есеп ашып кеткен еді. Соған қарамастан алматылық футболшылар тәп-тәуіройын көрсетті.
Екінші кезеңде де «Қайрат» жігіттері допқа иелік етужөнінен көзге түсті. Десе де,олар гол соғатын көп мүмкіндікті мүлт жіберіп алды. Атап айтқанда, ойынның50-минутына дейін алматылық футболшылардың алаң иелері қақпашысын қапықалдыратын көптеген сәті болған еді. Олардың бірі қақпашы қолынан табылды.Ендігі бірінде біздің жігіттер қақпаны дәл көздей алған жоқ. Есесіне, қарсылас команда екінші голын соғыпкетті. Оны 63-минутта Эдин Шамир орындады. Оң қанаттан әуелете берілген доптықақпаға соққан ол,өз командасын жеңіске жақындата түсті.
Кездесуде алаң иелері 2:0 есебімен басым түсті.
«Хапоэль» (Безр-Шева) бүгінгі күнге дейін бірнешемәрте Еурокубокойындарында сынға түсіп келеді. Еуропа лигасында екі мәрте топтық кезеңгешықты.
«Хапоэль» (Безр-Шева) командасының құрылғанына биылтұп-тура 70 жыл толады. 1949 жылы құрылған клуб алғаш рет өз елініңбіріншілігінде чемпиондық атаққа 1974/1975 жылғы футбол маусымында қолжеткізді. Бүгінгі күнге дейін бес мәрте алтыннан алқа тағып үлгерді. Соңғы үшжылда чемпиондық атақты ешкімге ұстатпай келеді. Сондай-ақ, аталмыш команда1997 жылы футболдан Израиль кубогін төбесіне көтерді.
Екі команда арасындағы қарымта кездесу 1 тамыз күніАлматы қаласында өткізіледі. Қос ойынның нәтижесімен жеңімпаз команда жарыстыңкелесі сатысына жолдама алады.
Естеріңізге сала кетелік, бүгін Шымкенттің«Ордабасы» командасы сырт алаңда Чехияның «Млада-Болеслав» командасымен 1:1есебімен тең түсті.
Сондай-ақ, елордалық «Астана» 24 шілдеде сырт алаңдаАндорраның «Санта-Колома» командасымен 0:0 есебімен теңойнаған болатын.